№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «ҚҰТТЫҚОЖА – ҚҰТ МЕКЕНІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҚҰТТЫҚОЖА – ҚҰТ МЕКЕНІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор-әнші Дүйсенхан Сыздықовтың 65 жасқа толуына орай Жаңақорған кенттік Арман мәдениет үйі мен Бірлік ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Құттықожа – құт мекенім» атты облыстық әншілер байқауы өткізілді.


Өнер додасына облыстың 7 ауданынан талантты өнерпаздар қатысып, өздерінің әншілік шеберліктерін, сахналық мәдениеті мен орындаушылық қабілеттерін ортаға салды.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ:

Бас жүлде – Әлиасқар Рахман Әбіләшімұлы, Қармақшы ауданы.

І орын – Нұргүл Мақсұтқызы, Жаңақорған кенті.

ІІ орын – Жасмин Жанділдә, Жалағаш ауданы, Далдабай ауылы.

ІІІ орын – Азия Смат, Жаңақорған ауданы.

ІІІ орын – Ботакөз Тұрабай, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы.

Алғыс хатпен марапатталғандар:

Жандәулет Талғат – Қазалы ауданы, Шәкен ауылы;

Алмат Сембаев – Арал ауданы, Мергенсай ауылы.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен өнерге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, өнер жолында биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

Ән қалықтап, өнер өркендей берсін!
27 қазан 2026 ж. 40 0