Қызылордада заңсыз құрылысқа қарсы рейд жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізуде. Аралау барысында сала өкілдері заңсыз құрылыс жүргізіп жатқандарға ескертулер жасап, меншік иелері мен жауапты тұлғаларға құрылыс объектілерін белгіленген тәртіппен тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдеу және пайдалануға қабылдау талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
Айта кету керек, ҚР Құрылыс Кодексінің 132-бабының 10-тармағына сәйкес, құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісінсіз құрылыс объектісін пайдалануға жол берілмейді. Сонымен қатар, Кодекстің 146-бабының 1-тармағы, 10)-тармақшасына сәйкес, рұқсат алмай құрылыс салу бұзушылықтарға жататындығы ескертіледі.
Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі



