МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай "Менің Қазақстаным" атты дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагері Асан Нақышпановпен бірге №51 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты.Кеңестік кезеңдегі егіншілікпен біте қайнасқан еңбек жолы тәуелсіздік жылдарындағы жаңа тыныспен жалғасып, аграрлық саланы аяққа қоюда көп тер төккен Асан Нақышпановтың өмір жолымен танысып, тәрбиелік мәні зор әңгімесін тыңдады.
Асан Нақышпанұлының еңбекпен келген «Құрмет белгісі» орденімен, түрлі деңгейдегі марапаттары жайлы айтылды. Оның ішінде Мәскеу қаласынан арнайы сыйлыққа келген пианиносын музей қорына сыйға табыстады.
Кешегі еңбектің белгісі – бүгінгі музей төрінен орын алып, тарихи жәдігер тағылымы терең мұраға айналды.




