№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ! БАЛАҢА УАҚЫТ АРНА, МЕЙІРІМ СЫЙЛА!

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ! БАЛАҢА УАҚЫТ АРНА, МЕЙІРІМ СЫЙЛА!

















Әйел – отбасының берекесін ұйытып қана қоймай, қоғамның дамуына серпін беретін, ел болашағына елеулі үлес қосатын тұлға.

Осы бағыттағы игі бастамаларды жүзеге асыру мақсатында «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдер қанаты» аясында «Әйелдердің қоғамдағы рөлі: мүмкіндік және жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

Кездесу барысында Жаңақорған аудандық «Әйелдер қанатының» мүшесі Алма Мамирова сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді. Ол әйелдердің қоғам өміріндегі орнына тоқталып, олардың белсенділігі мен бастамашылдығы ел дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар аудандық кітапхана директоры Әсем Тілеубергенова да өз ой-пікірін ортаға салып, әйелдердің білім мен мәдениет саласындағы рөліне, қоғамның рухани дамуына қосар үлесіне тоқталды.

Басқосу барысында «Балаңа уақыт арна» бастамасына ерекше назар аударылды.

Бала тәрбиесі – тек ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бүгінгі қарбалас тіршілікте балаға қымбат сыйлық немесе материалдық жағдай жасаумен шектелмей, оған ең бағалы байлық – уақыт бөлу аса маңызды. Баланың әңгімесін тыңдау, жан дүниесін түсіну, бірге кітап оқу, ой бөлісу, қызығушылығына қолдау көрсету – оның болашағына салынған ең үлкен инвестиция.

Өйткені балаға бөлінген уақыт – оның жүрегіне жол табу, сенімін нығайту, бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру. Бала ата-ананың ақылынан бұрын ісіне қарап өседі. Сондықтан әрбір ата-ана баласына үлгі болып, оның өміріндегі ең жақын досы әрі сенімді тірегіне айналуы тиіс.

«Балаңа уақыт арна – балаңның болашағына жол аш!» Бұл – жай ғана ұран емес, әрбір отбасының өмірлік ұстанымына айналуы тиіс маңызды қағида. Себебі балаға бүгін бөлінген көңіл мен уақыт – ертеңгі саналы ұрпақтың, тәрбиелі қоғамның және жарқын болашақтың кепілі.

Басқосуда сондай-ақ әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілетін дамыту, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және тың бастамаларға қолдау көрсету мәселелерінің маңызы айқындалды.

Әйелге берілген мүмкіндік – қоғамға берілген мүмкіндік. Ал балаға бөлінген уақыт – болашаққа бөлінген уақыт. Отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы белсенділік өзара сабақтасқанда ғана берік отбасы, саналы ұрпақ және әділетті қоғам қалыптасады.

Бірлік пен білімді, мүмкіндік пен жауапкершілікті ту еткен «Әйелдер қанаты» алдағы уақытта да әйелдердің қоғамдағы орнын нығайтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, «Балаңа уақыт арна» бастамасы арқылы ата-аналық жауапкершілікті арттыруға және ел болашағы – жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосуға бағытталған игі жұмыстарды жалғастыра берсін!
21 қазан 2026 ж. 157 0