ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Әділет» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының қоғамдық алаңында аудандық мәслихат депутаты Үсенов Изатулла Ергешұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, өтініш-тілектерін жеткізді. Депутат әрбір азаматтың мәселесіне мұқият назар аударып, тиісті қолдау көрсету жолдарын қарастырды. Сонымен қатар көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету бағытында нақты көмек көрсетіп, тұрғындарға қажетті кеңестер берді.
Халықпен ашық байланыс орнатып, елдің мұң-мұқтажына құлақ асу – депутаттық қызметтің маңызды міндеті. Азаматтардың өтінішіне бейжай қарамай, мәселелердің шешімін табуға атсалысу – халық сенімін ақтаудың айқын көрінісі.
«Әділет» партиясы алдағы уақытта да тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың талап-тілегін тыңдауға және өзекті мәселелердің оң шешілуіне қолдау көрсетуге басымдық береді.




