КӨШЕГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЛДАУ ЖАСАЛДЫ

2026 жылдың ІІ тоқсанында партияның аудандық филиалына Жаңақорған кенті, Алдамжар көшесінің тұрғындары Жаңақорған кенті, А.Мұхамеджанов көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжаттамасының ақысына қолдау көрсету туралы өтініш білдірген болатын. Осы орайда партия филиалымен тиісті органдардың қатысуымен аталған көшенің тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет ететіні зерделенді.
Аталған мәселе аумақтық филиалмен партиялық бақылауға алынды және филиал бастамасымен аудандық мәслихат депутаты Абдимауленов Жандос Жұмәділлаұлы тарапынан азаматтардың өтініші қаралып, нақты қолдау шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда Жаңақорған кентіндегі А.Мұхамеджанов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба сметалық құжаттамасының 1200000 теңге ақысы төленіп, өтініші толық қанағаттандырылды.
Нәтижесінде көрсетілген қаржылай қолдау арқылы Жаңақорған кенті, А.Мұхаммеджанов көшесіне жаңа асфальт төселіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Өз кезегінде тұрғындар қабылданған шешім мен көрсетілген көмекке аудандық партия филиалы мен халық қалаулысына ризашылықтарын білдірді.




