ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ АЛДАМЖАР КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Абдимауленов Жандос және комиссия мүшелерімен бірге Жаңақорған кенті, Алдамжар көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына мониторинг
Мониторинг барысында жол құрылысының сапасы, мердігер мекеменің жұмыс қарқыны, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен инфрақұрылым талаптарының орындалуы жан-жақты назарға алынды. Кент орталығындағы Алдамжар көше тұрғындарының ұзақ уақыттан бері көтеріп келе жатқан мәселелері тыңдалып, нақты ұсыныстар ескерілді.
Партиялық бақылаудың басты мақсаты – ел қаржысының тиімді жұмсалуына бақылау жасап қана қоймай, халыққа берілген уәденің уақытылы әрі сапалы орындалуына ықпал ету. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Алдамжар көшесіндегі жол мәселесі оң шешімін тауып, асфальт төсеу жұмыстары басталып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жақсы жол – тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Бұл тек бір көшенің мәселесі емес, бұл – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты істің көрінісі.
Тұрғындар да атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі жолындағы мұндай бақылау мен нақты қадамдардың маңызын ерекше атап өтті. Халық үнін ескеріп, әр мәселенің оң шешім табуына ықпал ету – ортақ міндет. Ал бақылау мен жауапкершілік бар жерде нәтиже де болады.
#AMANAT
#КПК




