№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және «Таза Қазақстан» идеясын ілгерілету бағытында семинар - кеңес өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және «Таза Қазақстан» идеясын ілгерілету бағытында семинар - кеңес өтті


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды электрондық форматта рәсімдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында Шалқия кенті, Қандөз, Сүттіқұдық, Төменарық, Сунақата, Аққорған, Келінтөбе, Қожакент және Жаманбай батыр ауылдық округтеріне планшет құрылғылары алынып, пайдалануға берілді.

Осыған байланысты аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды электрондық форматта рәсімдеу және Е-РАП ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша құқықтық оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға аталған елді мекендердің әкімдері мен мамандары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Жаңақорған аудандық полиция бөлімі және Жаңақорған кенті әкімдігі өкілдері тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды электрондық форматта рәсімдеу, Е-РАП ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу және планшет құрылғыларын пайдалану тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді
.
Қатысушыларға электрондық форматта материалдарды рәсімдеу кезінде туындайтын практикалық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.
08 қазан 2026 ж. 65 0