Соңғы жаңалықтар

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Тұрмағанбет және Ақжар ауылдарының тұрғындары өз мәселелері бойынша аудан орталығына бармай-ақ, қажетті кеңес пен көмекті ауылдың өзінде алды. Бұл елді мекендерде «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды.
Қабылдауға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, табиғи ресурстар және ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, жауапты бөлім басшылары және «Отбасы банк» өкілдері қатысты.
Екі ауылда өткен қабылдауға 40-тан астам тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мамандар азаматтарға «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», тұрғын үй және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты мәселелер бойынша кеңес берді.
Мобильді қабылдаудың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының көкейіндегі мәселелерін аудан немесе облыс орталығына арнайы барып жеткізуіне тура келмей, қажетті мамандарды тікелей елді мекендерге апарып, азаматтарды өз тұрғылықты жерінде қабылдау. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мәселелерді жергілікті жерде зерделеп, олардың шешу жолдарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін мұндай мобильді қабылдаулар облыстық филиалдың ұйымдастыруымен өткізілсе, өткен жылдан бастап бұл жұмыс қалалық және аудандық филиалдардың қатысуымен де жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 45 мобильді қабылдау ұйымдастырылып, оған 366 азамат қатысып, өз өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Соның ішінде 181 мәселе оң шешімін тауып, нәтижелілік көрсеткіші 49,4 пайызды құрады.
Қармақшыдағы мобильді қабылдаудың тағы бір ерекшелігі – ауыл тұрғындарына медициналық көмектің де елді мекеннің өзінде көрсетілуі. Арнайы жылжымалы медициналық керуен ауылдарға жеткізіліп, тұрғындарға дәрігерлік консультация алу, медициналық тексеруден өту және қажетті қорытындыларды алу мүмкіндігі жасалды.
«Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай медициналық қызметті ауыл тұрғындарына жақындатудың маңыздылығына тоқталды.
«Денсаулық сақтау саласында аурудың алдын алу мен оны ерте анықтаудың маңызы зор. Сондықтан медициналық көмекті тұрғынға барынша жақындатуымыз қажет. Бүгін медициналық керуеннің ауылға келуі – осы бағыттағы нақты жұмыстың бір көрінісі.
«Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында «Ұлт денсаулығы: дені сау адам – мықты елдің іргетасы» бағыты айқындалған. Бағдарламада профилактика мен ерте диагностикаға басымдық беру, скринингті кеңейту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту және көшпелі медицина кешендері арқылы шалғай елді мекендердегі тұрғындарды медициналық тексерумен қамтуды арттыру міндеттері белгіленген.
Бұл – ауыл тұрғындарының заманауи медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ауыл тұрғыны қажетті медициналық тексеруден өту үшін аудан орталығына арнайы баруға мәжбүр болмауы керек. Қызметті тұрғынның өзіне жақындату арқылы оның уақытын үнемдеп қана қоймай, денсаулыққа қатысты мәселелерді ерте анықтауға мүмкіндік береміз», – деді Жандос Базартай.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мамандардың назарына алынып, олардың әрқайсысы бойынша шешу жолдары қарастырылды.
«Әділет» партиясының мобильді қабылдаулары алдағы уақытта да жалғасып, шалғай елді мекен тұрғындарының құқықтық, әлеуметтік, медициналық және басқа да мәселелерін жергілікті жерде шешуге бағытталатын болады.
07 қазан 2026 ж. 71 0