Аустралияда ер адам акуланың шабуылынан қаза тапты
Батыс Аустралиядағы танымал Сорренто жағажайында суда жүрген ер адам акула шабуылынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жағалау маңында жүзіп жүрген ер адамды акула тістеп алғаны туралы хабарлама түсті», делінген жергілікті полицияның мәлімдемесінде.Билік өкілдері әуе және теңіз күштерін жұмылдыра отырып, ауқымды іздеу-құтқару операциясын бастады. Алайда ер адам шабуыл салдарынан көз жұмды.
Бұған дейін Флорида жағалауында дайвингпен айналысқан 40 жастағы америкалық ер адам акуланың шабуылынан ауыр жарақат алды.


