№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЙМАҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРI КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРI КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы Қызылорда қаласында бiр ауысымда 100 келушiге арналған емханасы бар 300 төсек орынға арналған көп бейiндi аурухана құрылысымен танысты.


Құрылыс қарқынын көп бейінді қалалық және облыстық онкология орталығының бас дәрігерлерiмен көру барысында басқарма басшысы мердiгер мекемеге аурухананы талапқа сай, сапалы түрде уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейiк, облыс тұрғындарына аса маңызды болып табылатын әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысы мен Ақмола облысында өткен Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Аурухана ең заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып жобаланған.

Бүгінде бұл аймақтағы ең ауқымды жобалардың бірі болып табылатын жалпы ауданы 57 мың шаршы метрді құрайтын аурухана 7 гектар жерге орналасқан. Яғни бұл өңірдегі үлкен медициналық кешен болумен қатар, халықаралық стандарттарға сай аурухана болмақ.
21 қыркүйек 2026 ж. 42 0