№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ


Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтарының бірі. Адамның тұлға болып қалыптасуы, тәрбиесі мен дүниетанымы ең алдымен отбасына байланысты. Қазақ халқы ежелден шаңырақтың беріктігін, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті, ата-анаға қамқорлықты жоғары бағалаған. Сондықтан отбасы институтын нығайту – қоғамның тұрақты дамуының маңызды шартының бірі.

Әрбір адам отбасын саналы түрде құру, жауапты ата-ана болу, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлығы және қиын жағдайда өзара қолдау көрсету секілді қадамдарды маңызды санайды.
Отбасындағы тәрбие – ұрпақ болашағының негізі. Бала үшін отбасы – алғашқы тәрбие мектебі. Ата-ананың балаға деген мейірімі, көңіл бөлуі, дұрыс бағыт көрсетуі оның болашақтағы тұлғалық қалыптасуына тікелей әсер етеді. Осы ретте саналы ата-ана болу тек
баланың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен шектелмей, оның пікірін тыңдау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық қолдау көрсету және бос уақытын бірге өткізу арқылы көрініс табады.
Қазіргі таңда отбасындағы өзара түсінік пен сенімнің маңызы артып келеді. Әсіресе жастар арасында отбасынқұруға жауапкершілікпен қарау, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, ортақ шешім қабылдау, қаржылық және құқықтық сауаттылық мәселелеріне ерекше мән берілуде. Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында еліміздің өңірлерінде кездесулер, пікірталастар, танымдық және қоғамдық бастамаларұйымдастырылуда.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде #Otbasym2026«Отбасымыздың бір күні» жалпыұлттық челленджі ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды көпшілікке насихаттауға мүмкіндік берілуде. Отбасы – тек бір шаңырақ астында өмір сүретін адамдардың бірлігі емес. Ол – сүйіспеншілік, сенім, жауапкершілік, өзара құрмет пен қамқорлықтан тұратын үлкен құндылық. Берекелі отбасы – тәрбиелі ұрпақтың,
ал тәрбиелі ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.
Сондықтан «Отбасы күні» аясындағы бастамалар тек мерекелік шара ретінде қабылданбай, әр отбасы үшін өзара қарым-қатынасты нығайтуға, жақындарға көңіл бөлуге және отбасылық құндылықтарды бағалауға себеп болуы тиіс.
Бірлігі бекем отбасы – берекелі қоғамның тірегі. Отбасы құндылықтарын сақтау мен дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.

Айнұр СҰЛТАНОВА,
әлеуметтік маман
14 қыркүйек 2026 ж. 39 0