№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚОЖАКЕНТТЕ КҮРІШ ОРАҒЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚОЖАКЕНТТЕ КҮРІШ ОРАҒЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Қожакент ауылындағы «Арай» шаруа қожалығының егістік алқабында болып, күріш орағының барысымен танысты. Биыл ауданда 38 232 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның 6 756 гектарын күріш егістігі құрайды.


Қазіргі таңда 1 813 гектар күріш орылып, оның 1 174 гектары бастырылды. Орташа өнімділік – 45,2 центнер.

Қожакент ауылдық округінде биыл 1 540 гектар күріш егілді. Ал «Арай» шаруа қожалығы 213 гектар алқапқа күріш орналастырып, бүгінде оның 84 гектарын жинап алды. Орташа өнімділік – 48 центнер.

Сондай-ақ, аудан басшысы Көктөбе елді мекеніне барып, отбасылық егіс алқаптарындағы жұмыстардың барысымен танысты.

Өткен жылы тұрғындардың өтінішіне сәйкес, облыс әкімдігінің қолдауымен ауылдық округ аумағынан отбасылық егіс үшін 250 гектар жер бөлінген. Бүгінде оның 70 гектарына тары егіліп, 20 дан астам отбасы еңбек етуде.

Егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында Келінтөбе магистральды каналына дейін электр желісі тартылып, трансформатор мен электр насосы орнатылды.

Диқан еңбегі – ел ырысы. Егін науқанының берекелі өтіп, қамбамыздың астыққа толуын тілейміз!
14 қыркүйек 2026 ж. 42 0