№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒАЛАР" МУЗЕЙЛІК ЖОБАСЫ

"ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒАЛАР" МУЗЕЙЛІК ЖОБАСЫ


Төлепберген Әбдірашев 1948 жылы Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген.1967 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсіп, оны 1974 жылы қобызшы және ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері мамандықтары бойынша үздік бітіріп шықты. 1974-1975 жылдары Шымкент музыкалық училищесінде оқытушы болды. 1975-1979 жылдары Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясында опера және симфония оркестрінің дирижері мамандығы саласы бойынша Лениндік сыйлықтың лауреаты, Кеңес Одағының Халық әртісі Геннадий Рождественскийдің сыныбында дәріс алған. Осында оқып жүрген студент кезінде-ақ, 1977 жылы Батыс Берлинде өткен Герберт фон Караян атындағы Халықаралық дирижерлар конкурсына қатысып, дипломант атанды. Мәскеудегі оқуын тәмамдаған соң Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің дирижері болды. 1982-1983 жылдары Австрияның Вена қаласындағы музыка академиясында білімін көтерді.

Төлепберген Әбдірашев 1983 жылдан Қазақ мемлекеттік симфония оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болды. Ол екі жыл Қазақ мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрының бас дирижері де болды.
Т.Әбдірашевке 1982 жылы «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері» атағы берілді. 1983 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Халық әртісі» атағына ие болды. 1998 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреатын алса, 2004 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2006 жылдың соңынан бастап Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт-аспаптары оркестрінің жетекшісі және бас дирижері қызметін де өзінің бұрыңғы қызметімен қоса атқарды.
Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Австрияда, Кубада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Украинада сол елдердің симфониялық оркестрлерінде дирижерлік етті.
Төлепберген Әбдірашев 2007 жылы дүниеден өтті.
10 қыркүйек 2026 ж. 44 0