№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ


31 тамыз - 6 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасы, Шолпан-Ата қаласында өтетін VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА Жаңақорған ауданының жас спортшылары аттанды.

Атап айтар болсақ, көкпар бөлімінің жаттықтырушылары АСҚАРОВ НҰРЛЫБЕК пен ЖҮНІСОВ АЛМАТ көкпардан ұлттық құрама сапында бақ сынайды. Сондай ақ, жамбы ату бөлімінің спортшысы ИСРАЙЛ АЛТЫНАЙ жамбы атудан ұлттық құрама мүшесі ретінде өз мергендігін көрсетеді.

Саңлақтарымызға тек қана сәттілік серік болсын. Тақымдарың бекем болсын. Тұлпарларың жүйрік, аламанда аттарың озып, мергендігіңмен оғың нысанаға дәл тиіп алтыннан алқа тағылсын деген тілектестік білдіреміз!
01 қыркүйек 2026 ж. 213 0