Соңғы жаңалықтар

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберді.

Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберді.


Олжас Бектенов басқаратын Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін доғарады. Конституцияның 69-бабына сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұдан кейін Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Жаңа Конституция бойынша Премьер-Министрді Президент тағайындайды.


Алайда Мемлекет басшысы алдымен Құрылтайда өкілдігі бар саяси партиялардың фракцияларымен консультация өткізеді. Осыдан кейін Премьер-Министр лауазымына кандидатты Құрылтайдың қарауына ұсынады. Кандидатураны депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен Құрылтай мақұлдауы қажет. Келісім берілген жағдайда Президент Премьер-Министрді ресми түрде тағайындайды.

Ал жаңа Үкіметтің құрылымы мен құрамы Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін қалыптастырылады. Премьер-Министр он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы бойынша ұсынысын Президентке енгізуі тиіс.
28 тамыз 2026 ж. 887 0