Соңғы жаңалықтар

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы басталды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатындығын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Премьер-Министр Асқар Мамин отставкаға өтініш беріп, оны Мемлекет басшысы қабыл алған болатын. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді. Ал ҚР Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырып жатыр.
11 қаңтар 2022 ж. 782 0