№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Президент Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты жарлыққа қол қойды

Президент Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты жарлыққа қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
— Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, — делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Фото: Ақорда
28 тамыз 2026 ж. 171 0