№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Құрылтай сайлауы күні елімізде 657 сәби дүниеге келді

Құрылтай сайлауы күні елімізде 657 сәби дүниеге келді



Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар. Бұл туралы Денсаулық министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің ең көбі Алматы қаласында – 60, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді бақылап, қауіпсіз босандыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
25 тамыз 2026 ж. 554 0