№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТІП ЖАТЫР

ЖАҢАҚОРҒАНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТІП ЖАТЫР


Жаңақорған ауданында сайлау күні тұрғындардың белсенділігін арттырып, мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында сайлау учаскелері маңында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып жатыр.

Атап айтқанда, қол күрес, арқан тарту, асық ату сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, оған жастармен қатар ауыл тұрғындары да белсене қатысуда. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен күшін сынап, жеңіске деген жігерін танытты.
Спорттық шараға қатысқан аудан тұрғыны бұл бастаманың тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлағанын атап өтті.
– Сайлау күні ауылымызда осындай спорттық жарыстардың ұйымдастырылғаны көңілге қуаныш ұялатады. Жастардың белсенділігі ерекше байқалады. Бір жағынан азаматтар өз таңдауын жасап жатса, екінші жағынан спортпен шұғылданып, уақыттарын тиімді өткізуде. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарын бірлікке, белсенділікке үндейді, – деді ауыл тұрғыны.
Ал жастар өкілдерінің айтуынша, әсіресе ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық жоғары. Асық ату мен қол күреске қатысушылар өзара тартысты бәсеке көрсетсе, арқан тарту сайысы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
23 тамыз 2026 ж. 114 0