№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ХАЛЫҚҚА КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАУДА

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ХАЛЫҚҚА КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАУДА



Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауы күні Жаңақорғандағы сайлау учаскелерінде мәдени шаралар да ұйымдастырылуда. Аудан өнерпаздары дауыс беруге келген тұрғындарға арнап ән шырқап, ұлттық өнерді насихаттайтын шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Музыкалық бағдарламалар 30-дан астам сайлау учаскесінде ұйымдастырылып, онда қазақтың халық әндері мен күйлері орындалды. Өнерпаздардың өнер көрсетуі сайлау учаскелеріне жиналған тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Ұлттық өнермен өрнектелген мәдени шаралар ел үшін маңызды саяси науқанның мазмұнын айшықтап, тұрғындардың белсенділігіне оң әсерін тигізді.
Сайлау күніне орай ұйымдастырылған мұндай шаралар азаматтардың бірлігі мен қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

#ЖаңақорғанАуданы
#ҚұрылтайСайлауы
#23Тамыз
23 тамыз 2026 ж. 149 0