№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын.

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын.


Бұл туралы Алматыда өткен, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай мәлімдеді.

Сарапшы 13 маусым мен 27 шілде аралығында түрлі зерттеу ұйымдары жүргізген алты әлеуметтанулық зерттеудің салыстырмалы талдауын ұсынды. Зерттеулердің әдістемесінде айырмашылықтар болғанына қарамастан, олардың барлығы сайлауға қатысуға дайындық деңгейінің тұрақты түрде жоғары екенін көрсетеді. Атап айтқанда, дауыс беруге ниетті азаматтардың үлесі 70,3 пайыздан 75,6 пайызға дейін болған.
18 тамыз 2026 ж. 251 0