Құрылтай

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі» атты мақала жазу байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі» атты мақала жазу байқауының ЕРЕЖЕСІ



1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Жаңақорған аудан жастары мен тұрғындары арасында өткізілетін «Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі» атты мақала жазу байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде байқау басталғанға дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын жарияланады.


2. Байқаудың мақсаты
Байқаудың мақсаты – аудан жастары мен тұрғындары арасында ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлтаралық келісімді нығайту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен таныту және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

3. Байқаудың міндеттері
•ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттау;
•діни жоралғылардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру;
•дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу;
•ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің құндылығын кеңінен насихаттау;
•қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту;
•жастардың шығармашылық ізденісін қолдау.

4. Қатысушылар
4.1. Байқауға аудан жастары мен тұрғындары қатыса алады.
4.2. Байқауға қатысушылар саны кемінде 5–7 адамды құрауы тиіс.

5. Байқауға ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар
5.1. Байқауға ұсынылатын мақалалар келесі тақырыптардың бірін немесе бірнешеуін қамтуы тиіс:
•ұлттық және отбасылық құндылықтар;
•діни жоралғылардың ұрпақ тәрбиесіне әсері;
•дін мен дәстүрдің сабақтастығы;
•ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тіл;
•ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту;
•қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау.
5.2. Мақала көлемі кемінде 3–4 беттен тұруы тиіс.
5.3. Байқауға ұсынылатын жұмыстар автордың жеке шығармашылық еңбегі болуы міндетті.
5.4. Әлеуметтік желілерден, интернет ресурстарынан, кітаптардан немесе өзге де ақпарат көздерінен көшірілген (плагиат) материалдар байқауға қабылданбайды және бағаланбайды.

6. Байқауды ұйымдастыру және бағалау тәртібі
6.1. Байқауды жариялау текстісі алдын ала Тапсырыс берушімен келісіледі.
6.2. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары (келісім бойынша) тартылып, арнайы сараптау комиссиясы құрылады.
6.3. Комиссия ұсынылған жұмыстарды мазмұнының өзектілігі, тақырыптың ашылуы, шығармашылық ерекшелігі, сауаттылығы және авторлық көзқарасы бойынша бағалайды.
6.4. Комиссия шешімі қорытынды болып табылады.
6.5. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған мақалалар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

7. Марапаттау
7.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі тәртіппен марапатталады:
•І орын – кемінде 12 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы;
•ІІ орын – кемінде 7 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы;
•ІІІ орын – кемінде 5 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы.
7.2. Сонымен қатар:
•2 қатысушыға кемінде 3 АЕК мөлшерінде арнайы ынталандыру сыйлығы;
•естелік сыйлықтар – кемінде 2 АЕК мөлшерінде табысталады.
7.3. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстардың авторлары арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

8. Ақпараттық сүйемелдеу
Өнім беруші өткізілген іс-шараның қорытындылары туралы ақпаратты интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram және басқа да платформаларда) жариялауды қамтамасыз етеді.

9. Қорытынды ережелер
Осы Ережеде көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Тапсырыс берушімен келісілген талаптарға сәйкес шешіледі.







НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҚАЛА ЖАЗУ БАЙҚАУЫ
Құрметті аудан тұрғындары мен жастар!
Сіздерді ұлттық руханиятты, отбасы құндылықтарын және халқымыздың салт-дәстүрін насихаттауға арналған «Дін мен дәстүр – ұлт тәрбиесінің негізі» атты аудандық мақала жазу байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың мақсаты:
Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлтаралық келісімді нығайту және жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау.
Байқау тақырыптары:
•Ұлттық және отбасылық құндылықтар;
•Діни жоралғылардың ұрпақ тәрбиесіне әсері;
•Дін мен дәстүрдің сабақтастығы;
•Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тіл;
•Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім;
•Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани мұрасы.
Қатысу шарттары:
•Байқауға аудан жастары мен тұрғындары қатыса алады.
•Мақала көлемі кемінде 3–4 бет болуы тиіс.
•Жұмыс автордың жеке шығармашылық еңбегі болуы міндетті.
•Интернеттен, әлеуметтік желілерден немесе кітап қорларынан көшірілген (плагиат) материалдар байқауға қабылданбайды.
Бағалау:
Қатысушылардың жұмыстары облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары қатысатын арнайы комиссияның шешімімен бағаланады.
Жеңімпаздарды марапаттау:
І орын – кемінде 12 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы;
 ІІ орын – кемінде 7 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы;
ІІІ орын – кемінде 5 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақы.
Сонымен қатар:
•2 қатысушыға кемінде 3 АЕК мөлшерінде арнайы ынталандыру сыйлығы;
•Естелік сыйлықтар – кемінде 2 АЕК мөлшерінде табысталады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған мақалалар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, авторлары арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысуға өтінім қабылдау мерзімі: 10.08.2026 – 10.09.2026 жж
Мақалаларды қабылдау мекенжайы: asylmuraorda@mail.ru
Байланыс телефоны: 87074171989 Айжан
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өз ойыңызды көпшілікпен бөлісуге шақырамыз!
Сізді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
10 тамыз 2026 ж. 34 0