№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «БЕСІК ЖЫРЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ» атты байқау өтті.

«БЕСІК ЖЫРЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ» атты байқау өтті.


Жаңақорған ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен Ақүйік ауылдық округінің клуб үйінде «Бесік жыры – ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы» атты тағылымы мол байқау жоғары өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бесік жыры арқылы жас ұрпақтың бойына ана тәрбиесін, мейірім мен ізгілікті сіңіру, сондай-ақ халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттау.

Шара барысында қатысушылар бесік жырын орындап, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне және ұлттық құндылықтарды насихаттау деңгейіне баға берді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсетіп жүлделі орын алған қатысушылар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Ұлттық тәрбиенің алтын арқауы болған бесік жырының мән-маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған бұл шара көпшілікке ерекше әсер сыйлап, ұлттық рухты жаңғыртуға өз үлесін қосты.
26 маусым 2026 ж. 28 0