Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ –САНЫЛЫ ІС

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕУ –САНЫЛЫ ІС

Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу басты парызымыз. Осы мақсатта «Руханият» орталығында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен мектеп оқушылары арасындабайқау тартысты өтті.
Ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету, әдет-ғұрып бойынша білім деңгейлерін бағамдау, ұлттық мәдениетімізді насихаттауды басты бағдарға алған  «Қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптей білейік!» атты бауқауға кент орталығындағы  мектептердің оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Кәде-сый жасаудан бастап, танымдық-тәрбиелік сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, салт-дәстүрімізге сай қойылым көрсетті. Біртұтас тәрбиемен бірге ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын жолға қойған тәлімгерлердің ізденісі мен біліктілігі оқушы бойынан табылды. «Ит көйлек», «Бесік той», «Сүндет той»,«Сырға салу», «Беташар» секілді құндылығымыздың маңыздылығын терең ұғына түстік.
Байқау қортындысында № 293 мектебінің «Дарабоз» тобы бас жүлде иеленсе, бірінші орын №286 мектебінің «Руханият» тобы, екінші орын №125 мектебінің «Дәстүр дарасы» тобы, үшінші орын А.Абдуллаев атындағы мектебінің «Самғау» тобы мен №110 мектептен «Инабат» тобы, №3 мектеп-интернатынан «Тұмар» тобы лайық деп танылып, жүлделі дипломдармен марапатталып, сый-сияпаттар табыс етілді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
02 мамыр 2025 ж. 312 0