Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

ЕРЕКШЕ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ


Бүгін Жаңақорған кенті, Жаңақорған спорт клубында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Рухы мықты жандар" атты ұранымен ерекше жандар арасында дойбы және дартстан аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа кент және ауылдық округтерден келген ерекше жандар қатысты.


Айта кетейік, спортшыларымыз маусым айында Қызылорда қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы облыстық спартакиадасында Жаңақорған ауданы құрама командасы жеңімпаз атанды.

Ауданымыздың намысын қорғап жүрген спортшыларымыз алдағы уақытта өтетін облыстық спартакиадаларға және жарыстарға тыңғылықты дайындық үстінде.

Бүгінгі тартысты бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаз, жүлдегер атанған және үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшылар аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
23 шілде 2026 ж. 31 0