Мәслихаттар сайлауы
» » Ата-аналарға ұсыныс: Балаларды жабық көлікте қалдырмаңыз

Ата-аналарға ұсыныс: Балаларды жабық көлікте қалдырмаңыз


Жаз мезгілінде күннің қатты ысуына байланысты жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Бұл әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Есіңізде болсын: сырттағы ауа температурасы 30–35°С болған жағдайда көлік салонындағы температура небәрі 10–15 минут ішінде 50–60°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы қатты қызып, өміріне қауіп төнеді.
21 шілде 2026 ж. 639 0