Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанда вегетация кезеңі басталғалы тұрақты суаруға шамамен 6 млрд текше метр су алынды

Қазақстанда вегетация кезеңі басталғалы тұрақты суаруға шамамен 6 млрд текше метр су алынды


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мәселесіне арналған аппарат кеңесін өткізді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда республика бойынша егістікті суаруға жалпы көлемі 5,9 млрд текше метр су алынып, 701 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Болжамға сәйкес, биылғы вегетация маусымында республика бойынша 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабын суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарланып отыр.

Вегетация кезеңі басталғалы еліміздің шаруаларымен суару суын жеткізу бойынша 35 309 келісімшарт жасалды. Оның 26 585-і Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген биллинг жүйесі арқылы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен электронды форматта рәсімделген.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жалпы 829 мың гектар егіс алқабын суаруға арналған 33 645 келісімшарт жасалған. Оның ішінде 77,7 мың гектары күріш алқаптарына тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінге дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5,8 млрд текше метр су алынып, 585 мың гектар суармалы жер суарылды. Оның ішінде 77,7 мың гектар күріш алқабы толықтай сумен қамтамасыз етілді.


		</div>	

		<div class=
21 шілде 2026 ж. 50 0