№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ



«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жаңақорған ауданының ерікті жастары Ақүйік ауылдық округінің таулы демалыс аймағы мен су қоймасы маңында кең көлемді тазалық жұмыстарын жүргізді.

Игі бастаманың басты мақсаты – табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және жазғы демалыс маусымында келетін қонақтарға жайлы әрі таза орта ұсыну.

Тазалық акциясына 100-ге жуық белсенді жас қатысып, нәтижесінде 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.

Жаңақорғандық ерікті жастар осындай игі істері арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға деген көзқарасты нығайтуға үлкен үлес қосуда.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан сіздерді қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға белсенді атсалысуға шақырамыз.


03 сәуір 2026 ж. 1 540 0