№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «ЕҢБЕК ЕРІ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

«ЕҢБЕК ЕРІ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ


Бүгін «Руханият» орталығында «Еңбек ері – ұлт мақтанышы» атты еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік кеш өтті.
Іс-шара еңбек адамдарының қоғамдағы орны мен ерен еңбегін насихаттауға арналған бейнероликтің көрсетілімімен басталды.


Кешті аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров ашып, еңбек адамының ел дамуы мен қоғам өркендеуіндегі айрықша рөліне тоқталды. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияның маңызына тоқталып, алдағы Құрылтай сайлауында әр азаматты өз таңдауын жасауға шақырды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланып, еңбек ардагерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
12 шілде 2026 ж. 156 0