Құрылтай

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЕҢ ӘДЕМІ ЖЕҢІЛІС!

ЕҢ ӘДЕМІ ЖЕҢІЛІС!


Шыны керек, жеңілістің әдемісі болмайды. Бірақ бүгін Мысыр футболшылары мен олардың жанкүйерлеріне айтар жұбаныш сөз таппай отырмын... Матч аяқталған соң Аргентина-Египет арасындағы ойынның статистикасына көз жүгірттім.  Аргентина 17 соққы бағыттады. Оның 7-і дәл соққы. Ал, допқа иелік – 61 пайыз. 591 пас. Пас дәлдігі – 92 пайыз. Мысыр болса бар болғаны 5 соққы. Оның екеуі ғана қақпаға дәл бағытталды. Допқа иелік – небәрі 39 пайыз.

Осындай айырмашылықты көрген адам «Аргентина қарсыласын таптап кеткен екен» деп ойлауы мүмкін.

Бірақ футбол кейде статистиканы күл-талқан етеді. Мысыр ойын бойы допты емес, кеңістікті бақылауды таңдады.

Олар шабуылдауға асыққан жоқ. Әрбір мүмкіндікті ұзақ күтті. Ал мүмкіндік туған сәтте еш мүлт кеткен жоқ.
Екі дәл соққы. Екі гол.

Негізгі уақыттың аяқталуына 10 минут қалғанша таблодағы 0:2 есебі сақталып тұрды.
Яғни Аргентина ұзақ уақыт бойы Мысыр қорғанысының кілтін таба алмай қиналды.

Тек 79-минутта Кристиан Ромеро үміт отын жақты. 83-минутта Лионель Месси есепті теңестірді.

Сол сәтте стадионда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйердің жүрегі Аргентинамен бірге соқты.

Бірақ чемпиондық мінез дәл осындай сәтте танылады. Қосылған уақыттың үшінші минутында Энцо Фернандес жеңіс голын соғып, Аргентинаны құтқарып қалды.

Әттең, Салах бастаған жігіттерге сәттілік жетіспеді. Екінші жағы, төреші кейбір күмәнді эпизодқа мән бермеді. Бұдан басқа сөздің бәрі артық...


08 шілде 2026 ж. 41 0