№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Испаниядан жеңілген Португалия құрамасының бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Испаниядан жеңілген Португалия құрамасының бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді


Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан жеңілгеннен кейін бас бапкер Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды
 Egemen.kz.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында маман ұлттық құрама алдына тек чемпион атану міндеті қойылғанын, бұл мақсат орындалмағандықтан жұмысын жалғастыра алмайтынын жеткізді.

«Мен Португалияға әлем чемпионы атану үшін келдім. Егер бұл мақсатқа жете алмасақ, әрі қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ деп санаймын. Президент әрдайым менің жұмысыма қолдау көрсетті, алайда келісімшартым бүгін аяқталды», деді Мартинес.Екі пенальти, қызыл қағаз және бес гол: Англия Мексиканы жеңді
Айта кетейік, Роберто Мартинес Португалия құрамасын 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен құрама 2025 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған болатын.

Балогунның ойнауына рұқсат берілді: ФИФА Бельгияның наразылығын кері қайтарды
Еске сала кетейік, АҚШ-тың Даллас қаласында өткен тартысты кездесуде Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды Микель Мерино соқты.

Енді ширек финалда Испания құрамасы АҚШ-ты жеңген Бельгия құрамасымен ойнайды.

Фото: Getty Images
07 шілде 2026 ж. 204 0