Конституция

Соңғы жаңалықтар

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҒАЛЫМЖАН ЖАРҚЫНБЕК ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Жаңақорған ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.

Аймақ басшысы Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарған Самитов Мажит Самитұлына қажырлы еңбегі үшін облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасын және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.

Ауданның жаңа әкімі Жарқынбек Ғалымжан Жарқынбекұлын таныстырды. Жаңадан тағайындалған аудан әкіміне инвестиция тарту, салық базасын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту жобаларын іске асыру және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нақты әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Жаңақорған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік аудандардың бірі саналады. Сондықтан аграрлық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріс көлемін ұлғайту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты міндеттердің бірі болуы тиіс.
Кейінгі жылдардағы су тапшылығын ескере отырып, егіс алқаптарын әртараптандыру, суды аз қажет ететін дақылдар үлесін арттыру және шаруашылықтарға ылғал үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жүйелі ұйымдастыру қажет.

Экономиканың маңызды саласы – туризм. Жаңақорған жерінің табиғи ерекшеліктері, тарихи-мәдени мұралары туристік әлеуетті арттыруға мол мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің өркендеуіне, аудан экономикасының дамуына оң ықпал етеді.
Ауданның жаңадан тағайындалған басшысына барлық ресурсты пайдаланып, жаңа жобаларды сапалы жүзеге асыру тапсырылды.

Ғалымжан Жарқынбекұлы 1978 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Казагрэкс» мемлекеттік кәсіпорнында бас маман ретінде бастап, ауыл шаруашылығы саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған.
2009-2021 жылдары облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болды.
2021 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы қызметін абыроймен атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 шілде 2026 ж. 52 0