AMANAT: КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейісұлы, фракция жетекшісі Лаура Бибасарова, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан және депутаттық фракция мүшелері қатысты.
Депутаттық фракция отырысының күн тәртібіне 4 мәселе ұсынылды:
1. Аудандағы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының 2026 жылға арналған жоспарларының орындалу барысы туралы;
2. «Ауыл аманаты» жобасының Жаңақорған ауданындағы нәтижелері туралы;
3. Мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың сапасы мен олардың орындалуы деңгейі туралы;
4. Фракция мүшелерінің халық алдындағы және бастауыш партия ұйымдарымен есептік кездесулер кестесін бекіту және өткізу форматын түсіндіру туралы;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының 2026 жылға арналған жоспарларының орындалу барысы туралы Жаңақорған ауданы қаржы және экономика бөлімі басшысының орынбасары Ахметғали Базарбайұлы хабарлама жасады.
Екінші мәселе бойынша «Ауыл аманаты» жобасының Жаңақорған ауданындағы нәтижелері бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Әмір Жантөре Жолдасбекұлы хабарлама жасады.
Үшінші мәселе бойынша Мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың сапасы мен олардың орындалуы деңгейі туралы фракция мүшесі Юнусов Азатбек хабарлама жасады.
Төртінші мәселе бойынша Фракция мүшелерінің халық алдындағы және бастауыш партия ұйымдарымен есептік кездесулер кестесін бекіту және өткізу форматын түсіндіру туралы филиал төрағасы Мажитов Арман Әбілпейісұлы хабарлама жасады.
Отырыс барысында фракция мүшелері ұсыныс - пікірлерін айтып, талқылау болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер жеке-жеке талқыланып, жиын барысында айтылған ұсыныстар хаттамаланып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатын болды.
#AMANAT
#ФРАКЦИЯОТЫРЫСЫ




