Соңғы жаңалықтар

МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

23 маусым 2026 ж. 62

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ЖӘНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ

КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ЖӘНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ


Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезекті фракция және Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысты комиссия төрағасы Тұрабаев Қалдарбек Айдарұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Күн тәртібінде 1. Аудандағы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының 2026 жылға арналған жоспарларының орындалу барысы туралы; 2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының 1.2. Ауыл шаруашылығын дамыту тармағы туралы;
3. «Жер аманаты» жобасының
іске асырылуы туралы;
1. «Жер аманаты» жобасының іске асырылуы, бағдарламаның орындалуы және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бағдарламаның жүзеге асу барысы мен алдағы міндеттерді баяндады. 2. Елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстардың есебін тыңдау. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Зейдалиев Талғат Бимағамбетұлы хабарлама жасады. 3. Жаңақорған ауданы бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысқа дайындық барысы туралы.
Фракция және Партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, хабарламашылар жауаптарын берді.
Комиссия отырысының нәтижесімен тиісті шешімдер қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілетін болады.

#AMANAT
28 мамыр 2026 ж. 9 0