Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ



Ағымдағы жылдың 05 қыркүйек күні «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы бекітілген жоспарға сәйкес болып өтті.
Отырысты партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тұрабаев Қалдарбек Айдарұлы ашып, жүргізіп отырды және Жаңақорған аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы, «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпеисұлы арнайы қатысты.
Комиссия төрағасы Тұрабаев Қалдарбек Айдарұлының төрағалығымен өткен жиында күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.
1. Жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы бөлім басшыларының ебесін тыңдау;
2. Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдардың дайындығы туралы білім беру ұйымының есебі;
3. Жаңақорған ауданының Жылу беру маусымына дайындық барысы туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жаңақорған аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Оразбеков Алмас Зұлхарнайұлы, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жахудаев Нариман Үсенұлы, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Сапарбаев Қайрат хабарлама жасады
Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыстар атқаратын болады.
Комиссия отырысында күн тәртібіндегі барлық хабарламалар тыңдалып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы мәселелер талқыланып, бірқатар ұсыныстар енгізіліп, қаулы қабылданды.
05 қыркүйек 2025 ж. 34 0