КЕЗЕКТІ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, партия филиалының төрағасы Арман Мажитов арнайы қатысты.
Отырысты комиссия төрағасы Тұрабаев Қалдарбек жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Алғашқы мәселе ретінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында бағдарламаның орындалуы және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бағдарламаның жүзеге асу барысы мен алдағы міндеттерді баяндады.
Келесі кезекте Ақүйік ауылдық округі, Бірлік ауылында орын алған нөсер жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның салдарынан арық арнасынан су шығу жағдайы бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақмырзаев Ғафур Әлиұлы аталған жағдай бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, есебі тыңдалды.
Қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, аудандық төтенше жағдай бөліміне су тасқынының алдын алу мақсатында елді мекендердегі су қашыртқыларына мониторинг жасауды, қауіпсіздік шараларының қайтадан орын алмауына қадағалауды күшейтуді тапсырды.
#AMANAT




