Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ


«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Сүттіқұдық» бастауыш партия ұйымында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тәрбиесі, отбасы құндылықтары, ұлттық салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен қоғамның жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру мәселелері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелері, жасөспірімдердің білімге, еңбекке және мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыру бағытында пікір алмасу жүргізілді.
Іс-шараға қатысқан аналар ұрпақ тәрбиесі – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, бала тәрбиесінде бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында тәрбиелік мәні зор ойлар айтылып, пайдалы ұсыныстар ортаға салынды.
Осындай мазмұнды шаралар өскелең ұрпақтың саналы, тәрбиелі әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасуына өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.
#AMANAT
#Әйелдерқанаты
27 мамыр 2026 ж. 76 0