№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

№46 (8960) 20

20 маусым 2026 ж.

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҰБТ-2026: ТАЛАПКЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

ҰБТ-2026: ТАЛАПКЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Мектеп бітіруші түлектер үшін ең маңызды кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Яғни өткен жылғы жүйе сақталып отыр. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пән мен екі бейіндік пән тапсырады.
– Бүгінде аудан мектептерінің түлектері бірыңғай тест тапсыруға тыңғылықты дайындық үстінде. 16-мамыр мен 10-шілде аралығында оқушылар екі рет бақ сынайды. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айында 1233 түлектің 1077-сі, яғни 84,4 пайызы ҰБТ тапсырып, 73,4% орташа балға қол жеткізді. Осы сынақта ең жоғары 136 балды №240 мектептің оқушысы жинады. Ал мамыр айында екі кезең ҰБТ тапсырады. Оның бірінші кезеңіне 1144, екінші кезеңіне 1128 оқушы тіркеліп отыр,– дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Жанна Нұрмахамбетова. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде: «Қазақстан тарихы» пәнінен – 20 сұрақ, «Оқу сауаттылығы» пәнінен – 10 сұрақ, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 сұрақ; екі бейіндік пәннен 40 сұрақтан беріледі. Ең жоғары балл – 140. Тестілеуге 4 сағат, яғни 240 минут уақыт беріледі. Ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут қарастырылған. Бұл – барлық талапкерге тең мүмкіндік жасау мақсатын көздейді. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді – бұрынғыша 140 балл.
ҰБТ тапсыру барысында «Алтын белгі», түрлі олимпиада жеңімпаздары үшін ешқандай басымдық берілмейтіні белгілі болды. Есесіне, ҚАЗТЕСТ, IELTS және TOEFL, SAT, ACT, IB, A Level сертификаттарының иегерлері өз балдарын ҰБТ балдарына ауыстыра алады. Мысалы, ҚАЗТЕСТ нәтижесін «Қазақ тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыруға болады. КАЗТЕСТ-тің В1 деңгейі «Қазақ тілі» пәнінен 42 балға, В2 деңгейі – 46 балға, С1 деңгейі 50 балға теңестіріледі. IELTS немесе TOEFL сертификаттарын «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыруға болады. IELTS-тен 5.0 балл «Ағылшын тілі» пәні бойынша 42 балға, 5.5 балл – 46 балға, 6.0 балл 50 балға ауыстырылады. Қалған сертификаттар бойынша да арнайы ауыстыру шкаласы бар. 2026 жылғы қаңтарда ҰБТ-дан 184 мыңға жуық адам өткен. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырған. Ал наурыз айындағы ҰБТ-ны 179 мыңға жуық адам тапсырған. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 157 адам ағылшын тілінде тапсырып, олардың 70%-ы шекті балл жинаған. Ал негізгі ҰБТ-ны шамамен 200 мыңнан астам талапкер тапсырады деп күтілуде. Жоғарыда айтқанымыздай, биыл шекті балл жөнінен де өзгеріс жоқ. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу шекті балы – 65 балл, басқа ЖОО-ларға 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – 75 балл. Бұл ретте Қазақстан тарихы және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық пәндері бойынша кемінде 3 балл жинау қажет.
Айшолпан НҰРМАШ
30 мамыр 2026 ж. 126 0