«Мен оқыған 10 кітап» республикалық акциясы аясында…
Кітап – адамды өзгертетін ең үнсіз күш. Ол сенің ойлау шекараңды кеңейтеді, жүрегіңе жаңа сезім сыйлайды, өмірге басқа қырынан қарауға үйретеді. Осы акция аясында мені ерекше толғандырған, санама із қалдырған кітаптармен бөліскім келеді.Менің тізімімдегі әр кітап – бір тағдыр, бір әлем.
Алғашқысы – Қан мен тер. Бұл шығарма арқылы адам мен қоғам арасындағы күресті, өмірдің ащы шындығын терең сезінесің.
Ақбілек – қазақ қызының тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің қасіретін көрсететін туынды.
Балалық шақтың шынайы көрінісін Менің атым Қожа арқылы қайта сезінесің – еркіндік пен тазалықтың символындай әсер қалдырады.
Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды ұғындырған – Ұшқан ұя. Бұл кітап – әр қазақ оқуы тиіс рухани мұра.
Ал Шыңырау адам болмысының тереңіне үңіліп, тағдырдың ауыр жүгін сезіндіреді.
Қараш-қараш оқиғасы – әділет іздеген адамның жан айқайы. Бұл шығарма әділдік пен ардың бағасын ұғындырады.
Ал Тоғыз толғау – жүректен шыққан сөздің жүрекке жететінінің дәлелі.
Әлем әдебиетінен Маленький принц маған өмірдің ең қарапайым ақиқаттарын қайта ұқтырды: шынайылық, достық, махаббат.
Гордость и предубеждение – адам мінезі мен сезім әлемінің нәзік иірімдерін ашады.
Ал Три товарища – достық пен өмірдің қадірін түсіндірген ерекше әсерлі шығарма.
Осы кітаптардың әрқайсысы маған бір ой қалдырды: адамды өзгертетін – оның оқығаны. Кітап арқылы сен өзіңді табасың, өмірді танисың.
Кітап оқыңыздар! Себебі кітап – рухани байлықтың кілті.
#КітапAMANT
#10кітап




