№29 (8943) 21

21 сәуір 2026 ж.

№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АУДАНДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АУДАНДА ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ



Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімінің төрағалығымен өткен «Инклюзивті саясатты іске асыру шаралары туралы» жиыннан соң, аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы аудандағы қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстарының барысына тоқталды. Атап айтқанда, қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген бірқатар нысандарда жоспарланған жұмыстардың уақытылы орындалмай отырғанын сынға алды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп отырғанын атап өтті.

Осыған байланысты тиісті сала басшыларына қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жандандыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы шараларды күшейту тапсырылды.

Күн тәртібінен тыс бірқатар өзекті мәселелер де қаралды. Атап айтқанда, соңғы бес жылда бюджет қаражаты есебінен салынған және құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар сапасына бақылауды күшейту, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдау міндеттелді.

Сонымен қатар, көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы түнгі рейдтер, макроэкономикалық көрсеткіштер, жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралып, тиісті сала басшыларына алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
22 сәуір 2026 ж. 40 0