Топ-баннер

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ



Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен қоғамдық даму саласы бойынша алқа отырысы өтті.

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, селекторлық режим арқылы Қызылорда қаласы және аудан әкімдерінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алқа отырысында басқарманың негізгі бағыттары бойынша былтырғы жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге қойылған міндеттер мен жоспарлар жан-жақты талқыланып, негізгі бағыттар айқындалды.

Жиын барысында басқарма басшысы Руслан Каюпов өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды дамыту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, жастар саясатын жетілдіру, тілдерді дамыту және этносаралық келісімді нығайту бағытында жүзеге асырылған кешенді жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді айқындап, жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары Уалихан Ибраев мониторинг және талдау, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс, жастар саясаты, тілдерді дамыту және ономастика бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту, жастар саясатын тиімді іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі шараларға тоқталды.
Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Артур Қамбаров бұқаралық ақпарат құралдары және интернет ресурстармен жұмыс, сондай-ақ ҚХА хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімдердің қызметі туралы баяндап, өңірдегі ақпараттық саясатты жүзеге асыру, медиакеңістіктегі тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарды атап өтті.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы қоғамдық даму саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, алдағы референдумды ұйымдастыру кезеңінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, тұрғындар арасында заңнамалық өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін тапсырды.

Сондай-ақ, алдағы «Наурыз» мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, мерекелік іс-шараларды мазмұнды әрі бұқаралық форматта өткізу және ақпараттық сүйемелдеуді күшейту жөнінде нақты міндеттер белгіледі.

Алқа отырысының қорытындысында берілген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі ескертіліп, жауапты тұлғаларға нақты бағыттар айқындалды.
22 ақпан 2026 ж. 83 0