Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдағы тапсырмаларын орындау» мәселесі қаралды. Аталған жиыннан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Семсер Сыздықовтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары және ардагерлер қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, Ұлттық құрылтайда жүктелген міндеттердің, өңір мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар мен тапсырмалардың мерзімінде, сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен бірге, күн тәртібінен тыс бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кент, ауылдық округтердегі тазалық пен абаттандыру жұмыстары, ел игілігіне берілетін құрылыс нысандардың дайындығы пысықталды.

Мәжіліс соңында Семсер Зұлпыхарұлы Жаңарық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Құлатаев Серікбай Сәдуақасұлын құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, ауданның ең жоғары марапаты — "Құрмет грамотасын" табыстады.

Жиын қорытындысымен сала орынбасарлары мен жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
18 ақпан 2026 ж. 756 0