№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Таза Қазақстан» – салауатты қоғамның кепілі

«Таза Қазақстан» – салауатты қоғамның кепілі


Еліміздің табиғаты мен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» — экологиялық акцияцы өңір-өңірде белсенді түрде жалғасын тауып келеді. Республикалық акция аясында еліміздің барлық аймақтарында өзен-көлдер мен ормандарды, саябақтар мен басқа да табиғи аумақтарды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Акцияға волонтерлер мен мемлекеттік органдар, және экологиялық ұйымдармен қоса қарапайым тұрғындар да белсене қатысуда.


«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл шараның басты мақсаты – тек қалалар мен ауылдарды емес, табиғи орта мен мәдени ескерткіштерді де таза ұстау. Акцияға қатысушылар саябақтар, көшелер және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, айналаны таза ұстауға, көгалдандырып, табиғатты қорғауға атсалысады.
Жаңақорғанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шарасына көптеген тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысып, бірлесіп аумақты тазалауға күш салуда. Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше байқалады. Мұндай акциялар тек экологияны жақсартумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға және болашақ ұрпаққа табиғатты таза күйде қалдыруға үлкен үлес қосады.
Аталмыш акцияның мақсатын айқындап, жасөспірімдерді таза қоғам қалыптастыруға үндеу жолында Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінде «Туған жерді таза ұстау – парызымыз» тақырыбында экологиялық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалының төрағасы Нұрхан Айдаров арнайы қатысып, студенттерге табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға шақырды.
Сонымен қатар, «Қоршаған ортаны таза ұстаудың жолдары және қоқысты дұрыс сұрыптауды үйрен» тақырыбында дәріс оқылды. Шара соңында қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, көптеген жаңа деректертер алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық бағдарламасы аясында 7 қараша - Қызылорда облысының күні болып белгіленген болатын. Осы орайда, аудан жастарының ұйымдастыруымен «Жашыкөл» аумағында «Эко марафон» өтті.Тазалық шарасына ерікті жастармен қатар, белсенді кент тұрғындары да қолдау білдіріп, қоғам тазалығын қамтамасыз етуге атсалысты.
«Таза Қазақстан» акциясы бізге туған жерімізге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға көмектеседі. Экологиялық мәселелерді шешуде осындай ұжымдық әрекеттердің маңызы зор, өйткені таза орта — бәріміздің ортақ игілігіміз, - деп, аудан тұрғындарын таза қоғам қалыптастыруға үндеген аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов акцияға қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
Тазалық – тек сыртқы көріністі ғана емес, ішкі тәртіпті де көрсететін маңызды құндылық. Оны өмір салтына айналдыру – денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі.

Жәмила ЕРМАХАН
12 қараша 2024 ж. 237 0