Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТСАЛЫСТЫ

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТСАЛЫСТЫ



Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында қазан айының 17 - 18 күндері Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» ауылшаруашылығы еңбекерлерінің дәстүрлі мерекелік салтанатты шарасы аясында ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапат иелерін құттықтаған аудан әкімі Мажит Самитов:
– Ауданымыздың әлеуетін кеңінен танытып, азық - түлік қауіпсіздігін тұрақтандыру мақсатында қол жеткізген жетістіктер мен бағындырған белестерді айта келе, Бұл – бірлескен еңбектің, ұйымшылдық пен тиянақтылықтың нәтижесі. Баршаңызға алғыс білдіремін. Ендігі мақсат – алдағы аудандық “Алтын күз – 2025” мерекесін де жоғары деңгейде ұйымдастырып, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін кеңінен насихаттау», – деді.

Марапаттау рәсімінен соң аудан әкімі жауапты сала басшыларына алдағы уақытта өтетін аудандық «Алтын күз – 2025» іс-шарасын жоғары деңгейде өткізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

22 қазан 2025 ж. 606 0