№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

№8 (8922) 31

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ



Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ахметов Орман Айтмағанбетұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті.
Аудан басшысы Орман Айтмағанбетұлының 1985 жылдан бері 40 жылдан астам еңбек еткенін, оның ішінде мемлекеттік қызметте 30 жылға жуық жұмыс жасап, түрлі салаларда басшылық қызметтер атқарғанын атап өтті. Ол Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерін, сондай-ақ 2017 жылдан бері сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін абыроймен басқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
Салтанатты жиында ауданның дамуына қосқан еңбегі үшін Орман Айтмағанбетұлы ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағының «Еңбек озаты» медалімен марапатталып, ұлттық дәстүрге сай шапан жабылды.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысып, әріптесіне жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Кездесу соңында аудан әкімі Орман Айтмағанбетұлына зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілеп, зейнеттің игілігін көруіне тілектестігін жеткізді.
03 ақпан 2026 ж. 82 0