№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қолжетімділік уақытты үнемдейді

Қолжетімділік уақытты үнемдейді


Дәуір электронды технологияларға негізделген. Кез келген қызметті үйде отырып-ақ смарт құрылғылардың көмегімен алуға болады. Арнайы қосымша арқылы қажетті құжаттарды алумен қатар төлемдер жүргізу, онлайн сауда жасау да тиімді.
Ендігі уақытта тұрғындар тағы бір құжатты электронды форматта ала алады. Бұған дейін нотариустың атқарушылық жазбасы тек қағаз түрінде рәсімделетін. Құжатты алу үшін азаматтар нотариусқа барып, құжаттардың түпнұсқасын ұсынуы және сот орындаушысына жүгінуі қажет болатын. Алдағы уақытта бұл қызмет те онлайн түрде рәсімделетін болады. Бұл тұрғындар тұрмысын жеңілдете түспек.
Нотариустың атқарушылық жазбасы – қарызды мәжбүрлі түрде өндіру құжаты. Яғни қарыз алушыдан ақша немесе мүлік өндіру үшін нотариус арнайы белгі – атқарушылық жазба жасайды. Мысалы, егер нотариалды куәландырылған немесе нотариустың атқарушылық жазбасына қатысты ескертпесі бар қарыз шарты немесе жалдау шарты болса, талапкер сотқа жүгінбей-ақ тікелей сот орындаушысына шағымдана алады. Бұл уақытты үнемдеп, өндіріп алу рәсімін жеңілдетеді.
Әділет министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес енді бұл рәсім оңайлатылды. Атқарушылық жазба электронды форматта, нотариустың электронды цифрлық қолтаңбасымен рәсімделеді. Бұл құжат қағаз түріндегі жазбамен бірдей заңды күшке ие болмақ.
Сонымен қатар борышкерге жеке кабинет арқылы хабарлама жіберіледі, ол өз тарапынан қарсылық білдіре алады. Егер негізді қарсылықтар болса, нотариус атқарушылық жазбаны жоюға міндетті, өйткені бұл жағдайда берешектің даусыз сипаты болмайды.
«Тт» ақпарат
Сурет ашықдереккөзден алынды.
09 сәуір 2026 ж. 652 0