№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АМАЛ КЕЛДІ – ЖЫЛ КЕЛДІ

АМАЛ КЕЛДІ – ЖЫЛ КЕЛДІ



Бүгін 14 наурыз – Амал күніне орай Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылында «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.

Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, Жаңақорған кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Идирисов қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Ұлттың салт - дәстүрі мен рухани құндылықтарын ұлықтауға бағытталған шара барысында көпшілікке мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеште ұлттық әндер шырқалып, көрермендерге халқымыздың бай мұрасын дәріптейтін сахналық көріністер көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шараның өтуіне Ақүйік ауылдық округінің әкімдігімен қатар, тау беткейіндегі барлық мәдениет үйлері белсене атсалысты. Аудан өнерпаздары мен мәдениет қызметкерлері ұлттық дәстүрді насихаттап, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.

#Жаңақорған
14 наурыз 2026 ж. 568 0