Топ-баннер
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АУЫЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АУЫЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ


Мәшбек Нәлібаев ауылында ел тағдырына бейжай қарамайтын тұрғындар бас қосып, Жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды әрі мағыналы кездесу өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары таныстырылды. Спикерлер құжатта қарастырылған адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, қоғамдық келісім қағидаттары, мемлекеттік құрылымның негіздері және өзгермейтін құндылықтар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ Конституция жобасын талқылау тәртібі мен оны қабылдау рәсімі жөнінде түсіндірме жасалды.Бұл жиын – жай ғана түсіндіру емес, ауыл халқының ел болашағына деген көзқарасын, үміті мен сенімін ортаға салған ашық алаңға айналды.
Осы мақсатта аудандық коалиция мүшелері Серік Мұсабаев, Аллаберген Ахметов, Асылжан Жолдасбеков ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына Ата Заңға енгізілуі жоспарланған өзгерістер қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізілді. Әсіресе, қарапайым азаматтың құқығын қорғау, әділеттілік қағидаттарын күшейту, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Ауыл адамдары жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік әділдік, заңның ауыл өміріндегі нақты орны мен ықпалы жөнінде ой-пікірлерін ашық айтып, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Еркін форматта өткен жүздесу шынайы диалогқа ұласып, халық пен қоғам арасындағы сенімді нығайта түсті.
Жиын барысында тұрғындар өз сауалдарын қойып, ауылдық аумақтарды дамыту, цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері төңірегінде ойларын білдіріп, пікір алмасты. Аталған кездесу Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
02 наурыз 2026 ж. 315 0