№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «АҚСАРАЙ» СПОРТ КЕШЕНІ ҰЖЫМЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ

«АҚСАРАЙ» СПОРТ КЕШЕНІ ҰЖЫМЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жаңа Конституция – бұл тек заңдағы өзгерістер емес, әрбір азаматтың құқығы мен мүмкіндігін кеңейтетін маңызды қадам. Осы орайда бүгін Жаңақорған ауданындағы аудандық коалиция өкілдері «Ақсарай» спорт кешенің қызметкерлерімен кездесіп, референдумға ұсынылып отырған жаңа Контитуция жобасын кеңінен таныстырды.
Кездесуге аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек және мүшелері Аллаберген Ахметов, Алма Мамирова, Жаңабек Тұрлыбеков, Асылжан Жолдасбеков қатысты.
Аудандық коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек өз сөзінде конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.
«Ұсынылып отырған өзгерістер – еліміздің саяси жаңғыруының жалғасы. Конституцияда Тәуелсіздік және аумақтық тұтастық мәселелері берік айқындалып, құқықтық мемлекет қағидаттары нығая түседі. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік», - деді ол.
Аллаберген Ахметов құжат қоғам талқысына салынғанын тілге тиек етсе, Алма Мамирова мен Жаңабек Тұрлыбеков әлеуметтік әділеттілік пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарына тоқталды. Ал, Асылжан Жолдасбеков референдум – әр азаматтың ел тағдырына тікелей араласуына мүмкіндік беретін маңызды кезең болғандықтан жұмыла қолдауға шақырды.
«Ақсарай» спорт кешенің қызметкерлері атынан бірқатар азамат пікір білдіріп, конституциялық реформаны қолдайтындарын жеткізді.

#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#15Наурыз
04 наурыз 2026 ж. 1 167 0